Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері 2004-жылы траффик құрбанына айналған 16 Қазақстан азаматын елге қайтаруға көмек көрсетті - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері 2004-жылы траффик құрбанына айналған 16 Қазақстан азаматын елге қайтаруға көмек көрсетті - СІМ

Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері 2004-жылы траффик құрбанына айналған 16 Қазақстан азаматын елге қайтаруға көмек көрсетті - СІМ

Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері 2004-жылдың 10 айында траффик құрбанына айналған 16 Қазақстан азаматын елге қайтаруға көмек көрсетті. Бұл туралы бүгін, 3-желтоқсанда адам саудасына қатысты қылмыстарды зерттеу, алдын алу және әшкерелеу мәселелері бойынша өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 390
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2003-жылы елімізге қайтарылған азаматтардың саны 24 болған. СІМ-нің мәліметі бойынша, әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерінен 19 адам қайтарылды.

У.Қоңырбаев күні бігінге дейін «Қазақстандықтарды отанына қайтару жұмыстары шетелдік халықаралық ұйымдардың» қаржысы есебінен жүзеге асырылып келеді. «Биыл әділет министрлігінің көмегімен біз үкіметке адамдарды қайтаруға арналған қаржыны бюджеттен бөлу туралы мәселе қойдық. Сөйтіп, ІІМ-нің қолдауымен бұл мәселе шешімін тапқан сыңайлы: келер жылдан бастап біздің қолымызда азаматтарды қайтарып алуға арналған қаржы болады»,- деді консулдық қызмет департаментінің директоры.

Перейти к новостям спорта