Өткен күндері еліміз елшілері Түрікменстандағы Қазақстан елшілігінде осы елдің үкіметтік құрылымдары, қоғамдық-саяси топтары, жергілікті және шетелдік БАҚ-тар мен дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында осы елдегі елші Вячеслав Гиззатов Қазақстандағы сайлау алдындағы науқан барысы, Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін арттыру мен тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында қоғамды демократияландыруға бағытталған жаңаша саяси ағымдар туралы әңгімелеп берді.
Елші Қазақстан парламенттің ролін күшейтуге бағытталған саяси жүйенің кең көлемді реформасы қарсаңында тұрғанын атап өтті. В.Ғиззатовтың атап көрсетуінше, бұл реформалар билік тармақтарын түгелдей дерлік шарпып, жергілікті біртұтас өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуына алып келеді.
«Елшінің хабарламасы баспасөз мәслихатына қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық процесстерге, түрлі саладағы Қазақстан-Түрікменстан екі жақты ынтымақтастығына қатысты көптеген сауалдар қойды»,- деп хабарлайды баспсөз қызметі.
Бұған дейін осындай брифингтер Қазақстанның Қырғызстан, Өзбекстан, Түркиядағы және Пәкістандағы елшіліктерінде ұйымдастырылған.