Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленбек

Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі жағдайды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленбек

Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының «Контрактілерді орындау» индикаторы бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісіндегі жағдайын жақсарту бағытында әрекет етуде.

  • 2 Маусым 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің «Контрактілерді орындау» индикаторы бойынша мәліметтеріне сәйкес, 183 елдің арасынан көшбасшы 10 мемлекеттің қатарына Люксембург, Гонконг, Исландия, Норвегия, Корей Республикасы, Германия, Франция, АҚШ, Жаңа Зеландия және Австрия енді.

Осыған орай қазіргі уақытта Әділет министрлігі аталмыш елдердің халықаралық тәжірибесін игеру бағытында жұмыстар жүргізуде. Олардың нәтижесі бойынша Қазақстанның «Контрактілерді орындау» индикаторы бойынша «Doing Business» рейтингісіндегі жағдайын жақсартуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленетін болады. Әзірленген ұсынымдар қаралу үшін және тиісті шешімдер қабылдану үшін құзырлы мемлекеттік органдарға жіберіледі.

2011 жылы 31 мамырда министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және Дүниежүзілік банк өкілдерімен кеңес өткізді. Оның барысында Дүниежүзілік банктің сарапшылары танысу үшін «Doing Businessті» реформалау бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынды және ағымдағы маусым айында аталмыш индикатор бойынша егжейлі-тегжейлі кеңестер алу мақсатында Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен тағы бір мәрте кездесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 30 желтоқсанындағы №1467-ші қаулысымен бекітілген 2011 жылға арналған Заңжобалар жұмысының жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен соттар мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын әзірлеу қарастырылып отыр. Қолданыстағы сот құрылымын жетілдіруге бағытталған заң жобасымен Әділет министрлігінің сайтында «Заңжобалар базасы» электронды мәліметтер базасында танысуға болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік банктің «Контрактілерді орындау» рейтингісіндегі жағдайын жақсарту мақсатында Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау жөніндегі комитеті болашақ жекеменшік сот орындаушылар үшін, олардың жұмысын бастапқы сатыда ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулықтар әзірледі.

Соңғы жаңалықтар