Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің экономикалық зардаптарын анықтау үшін елімізде сауда саясатын дамыту орталығы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің экономикалық зардаптарын анықтау үшін елімізде сауда саясатын дамыту орталығы құрылды

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің экономикалық зардаптарын анықтау үшін елімізде сауда саясатын дамыту орталығы құрылды

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің экономикалық зардаптарын анықтау үшін елімізде сауда саясатын дамыту орталығы құрылды. Осы жөніндегі қаулыға үкімет басшысы Даниал Ахметов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2006
  • 480
Фото - Caravan.kz

“”Сауда саясатын дамыту орталығы” акционерлік қоғамын жарғылық капиталына мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен құрылсын”,- делінген қаулы мәтінінде.

Орталық негізінен мынадай негізгі іс-қызмет түрлерімен шұғылданады: Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің экономикалық зардаптарына талдау жасау; Дүниежүзілік сауда ұйымының шешуші келісімдерінің ережелерін ескеру негізінде сыртқы сауда-саттық саласындағы заңнамасын жетілдіру бағытында нұсқаулар дайындау; ЕурАзЭҚ, Біртұтас экономикалық кеңістік, Дүниежүзілік сауда ұйымы тәрізді аймақтық бірлестіктердің шеңберіндегі жалпы сауда режимін құру бағытында ұсыныстар мен нұсқаулар жобасын жасау.

Орталықтың жарғылық қоры 51,5 млн. теңгені құрады. Олар 2006-жылғы республикалық бюджетте қауырт шығындарға арналған үкіметтің резервінен бөлінеді.

Перейти к новостям спорта