«2015 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы — 2 262,4 млн долларды құрады», — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстаннан 539 млн доллар сомаға тауар экспортталып, 1,7 млрд астам долларға тауар импортталды.
«Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары құрады», — деп баса айтты ведомствода.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, минералды өнімдері, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары әкелінеді.