Қазақстанның энергетиктері Энергетика және көмір өнеркәсібі жаңа министрлігін құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның энергетиктері Энергетика және көмір өнеркәсібі жаңа министрлігін құруды ұсынды

Қазақстанның энергетиктері Энергетика және көмір өнеркәсібі жаңа министрлігін құруды ұсынды

Бүгін Алматыда «Энергетиканың инновациялық дамуының өзекті және басымды бағыттары» атты тақырыппен өтіп жатқан Қазақстан энергетиктерінің ХІ форумында Энергетика және көмір өнеркәсібі жаңа министрлігін құру ұсынылды.

  • 30 Қазан 2012
  • 1626
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы біз жылумен қамтамасыз ету туралы заң жобасын әзірледік. Үкімет бұл заң жобасын жасаушы етіп бастапқыда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігін белгілеген еді. Енді бұл міндет Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктеліп отыр», — дейді Қазақстанның электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов.

Оның айтуынша, саланың құрылымдық нарығы мен әкімшілік реттеуді басқару әлі толық жетілдірілмеген. 250 мыңнан астам ауылдық елді мекенде және 8 мыңға жуық фермерлік шаруашылықта орталықтандырылған электрмен қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Экономиканы әртараптандырудың маңызды факторы елдің интеллектуалдық және технологиялық бәсекеге қабілеттілігін көтеруде, ғылыми-зерттеулер жүргізу мен жобалық конструкциялық жұмыстарды дамытуда. Дамыған елдерде оған жалпы ішкі өнімнің 2 пайыздан астамы жұмсалады. Ал бізде бұл 0,2 пайызды ғана құрайды. Сондай-ақ энергетика жүйесін дамытудың ұзақ мерзімді бірыңғай кешенді даму жоспары жоқ. Кадрлар дайындау мен мамандардың кәсіби біліктілігін көтерудің де тиімді жүйесі құрылмаған.

Ш. Оразалиновтың сөзіне қарағанда, Қазақстан энергетиктер қауымдастығы Үкіметке мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттікті бөлісу мен салалық реттеушіге қатысты өз ұсыныстарын жасады. Энергетикалық қызмет саласын реттеудегі өкілеттіктер әртүрлі мемлекеттік атқару органдарына бөлінгендіктен олардың арасындағы байланыс үзіліп, басқару тиімділігі нашарлады. Бұл соңғы жылдары елімізде негізделмеген өзге мемлекеттердің салалық реттеу моделін енгізудің салдарынан орын алды. Шетелдік тәжірибенің экономикалық және техникалық қамтамасыз етудегі алшақтығы ескерусіз қалған.

Сондықтан, Ш.Оразалиновтың айтуынша, жаңадан Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігін құру қажет.

Соңғы жаңалықтар