Қазақстанның эстрада жұлдыздары да қаржылық пирамиданың құрбанына айналған (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның эстрада жұлдыздары да қаржылық пирамиданың құрбанына айналған (ВИДЕО)

Қазақстанның эстрада жұлдыздары да қаржылық пирамиданың құрбанына айналған (ВИДЕО)

«Questra World» деп аталатын қаржылық пирамиданың құрбанына айналдым деген қазақстандықтардың саны артып келеді. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендер жиған-тергенін түгел сол ұйымға салып, өздерінің сазға отырғандарын тек барынан айрылғанда бір-ақ түсінеді.

  • 19 Қараша 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz

«Хабар» телеарнасындағы «Тікелей эфирін» бағдарламасына хабарласқан қарағандылық Аида есімді тұрғын да өзінің алданғанын кейін білген. Ол «Questra World» ұйымына 1 миллион теңге ақшасын салған. Бұл ақшаны Аида банктен несиеге алғанын да жасырмады. Оның айтуынша, қаржы пирамидасына қаржысын салғандар қатарында Қазақстанның эстрада жұлдыздары көп екен. Ұйымның Instagram-парақшасында клиенттер қатарында Жанар Айжанованың бар екені көрсетілген дейді ол.

«Негізі мұндай пирамидаларға сенбейтінмін. Бірақ, ұйымның жарнамасынан Жанар Айжанованы, өзге де танымал әншілерді көргеннен кейін сеніп, соған ақшамды салдым. Бірақ, салған ақшамды қайтармады», — дейді қарағандылық тұрғын.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын «Questra World» ұйымының Қазақстандағы жұмысына тыйым салуды Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ұсынған болатын. ҚР Бас прокурорының атына сауал жолдаған депутат Қазақстанда қаржы пирамидаларының жұмысына шектеу қою керек деп есептейді.