"Кеңес қорытындысы бойынша "ҚазСат-2" ғарыш аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына 2011 жылдың 30 мамырында жөнелту туралы шешім қабылданды.
"ҚазСат-2" және SES-3 ғарыш аппараттарын бірлесіп шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" Байқоңырда тұр, деп кәсіпорынның бүгін сайттағы хабарламасында мәлімделген.