Қазақстанның екінші деңгейлі банктері 2009 жылы да сыртқы берешектері бойынша міндеттемелерін өз бетімен атқара алады - Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның екінші деңгейлі банктері 2009 жылы да сыртқы берешектері бойынша міндеттемелерін өз бетімен атқара алады - Сәйденов

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері 2009 жылы да сыртқы берешектері бойынша міндеттемелерін өз бетімен атқара алады - Сәйденов

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның екінші деңгейлі банктері 2009 жылы да сыртқы берешектері бойынша міндеттемелерін өз бетімен атқара алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қараша 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері 2009 жылы да сыртқы берешектері бойынша міндеттемелерін өз бетімен атқара ала ма деген журналистер сауалына Ә.Сәйденов: «иә, меніңше, атқара алады», деп жауап берді.

«Жалпы берешектің көлемі биылғыдан аз болғанымен, бәрібір ол ауқымды. Және ол жыл аясында тепе-тең бөлінбеген. Жылдың бірінші жартысында тағы да ең жоғары көлемде төлемдер жасау қажет. Бірақ банктер екі жыл бойы осы төлемдерді өз беттерімен қайтарып келгендіктен, келесі жылы да олар өз міндеттемелерін атқара алады деп ойлаймын», — деді ол.

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері бір жылда $12 млрд көлемінде берешекті қайтарға тиіс, деді банк басшысы. «Бұл осы жылдың аяғы мен алдағы 12 айды қоса есептегендегі жағдай. Ал 2009 жылғы жалпы төлем $10 млрд 600 млн көлемінде бағаланып отыр», — деді А. Сәйденов.

«Жалпы Қазақстан банктерінің сыртқы берешегі $41 млрд», — деп атап өткен Ұлттық банк басшысы бұл — 2008 жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіш екенін нақтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар