Қазақстанның ең басты жетістігі, оның маңызды құндылығы - келісім мен бейбітшілік - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ең басты жетістігі, оның маңызды құндылығы - келісім мен бейбітшілік

Қазақстанның ең басты жетістігі, оның маңызды құндылығы - келісім мен бейбітшілік

Қазақстан Республикасының Вашингтондағы елшілігі мен АҚШ-тың Ұлттық баспасөз-клубы Қазақстанға арналған іс-шара өткізді. Бұл басқосуға 60-тан астам журналист пен клуб мүшелері қатысты,

  • 1 Шiлде 2011
  • 720
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.

Жиынды өз сөзімен ашқан Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов еліміздің мәдени-тарихи мұралары, даму жолы мен соңғы жылдары қол жеткізіп отырған жетістіктері туралы әңгімелеп берді және еліміздің тарихи кезеңдеріне тоқталып өтті. Дипломат сондай-ақ, демократиялық қоғам құру мен оны дамытудағы журналистердің ролі маңызды екенін ерекше атап көрсетті.

Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарға қатысты сауалдарға жауап берген Е.Ыдырысов, ядролық қару-жарақты таратпау, аймақтық қауіпсіздікті нығайту, Ауғанстанды қалпына келтіруге Қазақстанның атсалысуы сияқты салалардағы көптеген бірлескен жетістіктерге ерекше тоқталып өтті.

Дегенмен, тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістігі, оның маңызды құндылығы — азаматтық келісім мен бейбітшілік. Осы салада Қазақстан мен АҚШ-тың ұқсас жақтары бар екенін атап көрсеткен елші: «екі ел де «этностар мен халықтардың, нәсілдердің, діндер мен мәдениеттердің «балқу қазаны» болып табылады. Қазақстан барлық діннің, этникалық топтардың, халықтар мен ұлыстардың тең құқын қамтамасыз ететін анық және ашық саясат жүргізіп отыр. Этносаралық және дінаралық тағаттылықты сақтау — Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы басымдықтардың бірі,-деді.

Кеш соңында Қазақстан туралы бейнефильм көрсетілді.

Қазақстанның Тәуелсіздік тойының 20 жылдығына және АҚШ пен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығына орай Елшілік ұйымдастырып отырған іс-шаралардың жазғы топтамасы американ жұртшылығының ерекше ықыласын аударып отыр.

Шараға қатысты өз пікірімен бөліскен АҚШ Ұлттық баспасөз клубының Шетелдік журналистер комитетінің жетекшісі Майрон Белкинд, «мұндай кездесулер керек-ақ, олардың берері көп. Сіздердің елдеріңіз туралы көп көрсе естіп білдім. Елдеріңіз сондай әдемі екен», — деді.

Соңғы жаңалықтар