Қазақстанның ең сымбатты спортшысы таңдалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ең сымбатты спортшысы таңдалады

Қазақстанның ең сымбатты спортшысы таңдалады

Vesti.kz спорт порталы өзінің оқырмандарына қазақстандық азаматтығы бар ең сымбатты спортшыны таңдауға ұсынды. Дауысты басылымның редакциясымен таңдалған 10 үміткердің біріне беру керек.

  • 27 Қазан 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz


Самат Смақов (33 жаста). Ең беделді футболшылардың бірі. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бірнеше рет елдің ең үздік футболшысы атанды. Сонымен қатар ең келбетті қазақтардың тізіміне енді.

Рустам Ярғалиев (25 жаста). Қазақстандық ең үздік баскетболшылардың бірі. Елдің үздік баскетбол клубы — «Астананың» капитаны.

Давид Лория (30 жаста). Ең танымал қазақстандық футбол қақпашысы. Қақпашылар арасында Қазақстан чемпионатында өткізілген ойындар бойынша үздік бестікке кіреді. Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде ойнады. Осы жылдың жазында түріктің «Ризеспор» футбол клубымен келісім-шартқа қол қойды.

Виталий Еремеев (37 жаста). «Барыс» хоккей клубының қақпашысы. Ол ҰХЛ-дың американдық клубтары мен ресейлік командаларда ойнаған.

Евгений Королев (24 жаста). Мәскеуде дүниеге келген теннисші 2010 жылдан бастап Қазақстанның намысын қорғап келеді. Ол Қазақстанға ауысу кезінде әлемнің 53-ші және Ресейдің 4-ші ракеткасы болды. Анна Курникованың жақын інісі.

Асан Базаев (31 жаста). Танымал қазақстандық велошабандоз. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Тас жолдағы топтық жарыста Қазақстан чемпионы. «Астана» велотобында өнер көрсетеді.

Даниял Гаджиев (26 жаста). Грек-рим күресінен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Дағыстанда дүниеге келген. 2011 жылдан бастап Қазақстанның құрама командасында өнер көрсетіп келеді. Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт мектебінде жаттығады. Ол Батыс Қазақстан облысын таныстырады, Оралда тұрады.

Ислам Бозбаев (21 жаста). Болашағынан үміт күттіретін қазақстандық дзюдошылардың бірі. Ол Қазақстан чемпионатында жеңіске қол жеткізген, Азиада ойындарында және 2010 жылы Азия чемпионатында 2-ші орын алды, дзюдодан Әлем Кубогында алтын медаль еншілеген (2011). Мәскеудегі «Үлкен дулыға» жарысының қол жүлдегері. Лондондағы Олимпиадада бірінші рет өнер көрсеткен ол ширек финалға өте алмады.

Данияр Елеусінов (21 жаста). Еуропалық журналистердің пайымынша, 2012 жылғы жазғы Олимпиаданың ең сымбатты боксшысы. Ол жастығына қарамастан толағай табыстарға қол жеткізген. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионы (2006), жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2008), 2009 жылы Қазақстанның жастар ойындарында чемпион атанды. Гуанчжоуде өткен Азия ойындарында чемпион атағына қол жеткізген (2010).

Евгений Левкин. Трамплиннен секіруші. Ол небәрі 14 жасында бірнеше рет ең мықты жиырмалықтың тізіміне енген. 2011 жылы осы спорт түрінен қысқы Азия ойындарында алтын медальді еншілеген алғашқы қазақстандық спортшы.

Соңғы жаңалықтар