Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ-ға төрағалығы республиканың әлемдегі беделінің өскенін көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ-ға төрағалығы республиканың әлемдегі беделінің өскенін көрсетеді

Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ-ға төрағалығы республиканың әлемдегі беделінің өскенін көрсетеді

Қазақстанның халықаралық сахнадағы ролі жыл санап артып келе жатыр, оған республиканың ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ сияқты беделді ұйымдарға төрағалығы айқын дәлел.

  • 12 Шiлде 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

Бұл орайда Әзірбайжан ресми Астананың аталмыш халықаралық құрылымдардың төрағасы лауазымындағы ерекше миссиясын әрқашан қолдап келеді. Оқырмандардың назарына осы мәселеге қатысты Әзірбайжан саясаттанушылары мен сарапшыларының пікірлерін ұсынамыз.

Азаматтық даму оппозициялық партиясының төрағасы Әли Әлиев:

«Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі құрметке лайық және өзіне назар аудартады. Қазақстан ілгерінді роль ойнап отырғанын ескеру керек…

Екінші жағынан алып қарағанда, Қазақстанның көптеген бастамалары деструктивті салдарларға соқтырмайды, позитивті болып табылады және Астананы халықаралық аренада тек жақсы жағынан сипаттайды.

Қазақстан мәдениеті өте бай қуатты және жас мемлекет. Ол -көпэтникалы мемлекет. Республиканың ішкі консенсусқа қол жеткізгені және өз мүмкіндіктерін сыртқы әлемге көрсетіп отырғаны тамаша жетістік».

Депутат Милли меджлиса Азербайджана Расим Мусабеков Әзірбайжанның Милли Меджилисінің депутаты Расим Мұсабеков:

«Аумағының көлемі және энергетикалық қоры жағынан Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет болып табылады. Сондықтан да өңірдегі процестерге де тигізер әсері де салмақты. Елдегі режим тұрақты, ұлтаралық келісім орнатылған, сыртқы саясат та өте салмақты жүргізілуде. Міне, осының бәрі Қазақстанның сыртқы саяси сахнадағы беделін арттыра түседі.

Екінші жағынан алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға немесе ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған ұйымдардың халықаралық процестерге әсерін қатты өзгерте қойды дей алмаймыз. Себебі, әлемдегі саяси процестердің барысын тек ол ұйымдардың өзі емес, оларға кіретін державалар анықтайды.

Егер Ислам ынтымақтастық ұйымы туралы айтар болсақ, бұл ұйымның аясында ынтымақтастық баршылық. Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, басқа да халықаралық ұйымдарға төрағалығы, Әзірбайжан үшін маңызды, себебі біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас тығыз және біз өзімізге қатысты мәселелер бойынша дауыс беруде Астананың қолдауына үміт артамыз. Мысалы, алдағы уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымында дауысқа салынатын Әзірбайжанның басып алынған аумақтарына қатысты қағидат туралы қарар бойынша, Қазақстан, Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде, Бакудің ұстанымын қолдауға көмектесе алар еді.

Политолог Расим Агаев Саясаттанушы Расим Агаев:

«Қазақстанның халықаралық саясатта жетекші орындарға ұсынылуы: ЕҚЫҰ-ға, ШЫҰ-ға, ИЫҰ-ға төрағалығы, Қазақстанның әлемдегі беделінің өскенін ғана көрсетпейді, сонымен бірге, ең алдымен Еуразияның осынау бөлігінде шоғырланған экономикалық және саяси әлеуетті паш етеді. Дәл осы фактор Астананы Орталық Азиядағы жетекші ролге шығарып отыр. Себебі, Қазақстан ішкі саяси тұрақтылықпен және сыртқы қарым-қатынастағы орнықтылықпен ерекшеленетін посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ел. Ең алдымен, көршілерімен, әсіресе Ресей, Қытай сияқты елдермен тату.