«Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаудан алары көп. Бұл Еуропаның Қазақстанға деген сенімі, бұл — аса жоғары баға», -деді В. Затлерс.
«Атлант мұхитынан Қазақстанға дейінгі бүкіл Еуропа аумағы үшін жауапкершілік Қазақстанға жүктелмекші. Бұл — үлкен жауапкершілік. Өйткені, сіздер қазір өзіміз тіпті болжай алмайтын көптеген мәселелер бойынша шешім қабылдайтын боласыздар. Сіздер бұған дайындалуларыңыз, осы процесске жақындай түсулеріңіз керек. Қазақстан оны атқара алатынын дәлелдейтін боласыздар», — деді В. Затлерс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті