Қазақстанның Еуроодақпен ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Еуроодақпен ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері аяқталды

Қазақстанның Еуроодақпен ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері аяқталды

Қазақстан Еуроодақпен республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы жөніндегі келіссөздерін аяқтады.

  • 9 Қазан 2014
  • 735
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Жан-жақты және екі жақты келіссөздердің белсенді кезеңі жүріп жатыр. Еуропалық одақпен және АҚШ-пен арада келісілмеген мәселелер болатын. ЕО-пен келістік, қазір екі жақты келісімге қол қою стадиясындамыз», — деді ол бейсенбі күні депутаттарға.

«Екі ай келіссөздер жүргізілгеннен кейін, жыл соңына қарай Қазақстанның қай уақытта ДСҰ-на кіретіні белгілі болады деп ойлаймын. Келіссөздер жүріп жатыр, ол аяқталуға жақын», — деп қосты Е.Досаев.


Қазақстан ДСҰ-на кіру туралы өтінішті 1996 жылы берген болатын.