«Пікірталастар күні бойы жалғасты. Бірақ соған қарамастан біз Қазақстан тиісті деңгейге көтерілгенге дейін күте тұрғанымыз қажет деп санаймыз»,- деп мәлімдеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 14-отырысы аясында Брюссельде өткен брифингте ұйымның қазіргі төрағасы Карл де Гюхт.
«Қазақстан 2011-жылы ұйымға төраға болумен мүлдем келіспейтіндігі бізге мәлім. Сол себепті біз балама шешімді ұсынбақпыз»,- деді К.де Гюхт. Оның айтуынша, ондай шешім — республиканы «бағалау» мерзімін 2007-жылға дейін шегере тұруға саяды. Ал аталған жылы Мадридте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-отырысы өтетіні белгілі. «Елде жүзеге асырылған реформаларға сол кезде саяси баға беруге болады деп ойлаймыз»,- деді ұйым басшысы.
«Осы жолы Брюссельде Қазақстанға қатысты бір жақты пікірге келе алмадық. Біз күте тұрып шешім қабылдауға тиіспіз»,- деп қорытты К.де Гюхт.
Еске сала кетейік, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төраға болуға нет білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті