Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ниет білдіруі ел үшін де, ұйым үшін де үлкен "емтихан" болмақ - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ниет білдіруі ел үшін де, ұйым үшін де үлкен "емтихан" болмақ - Назарбаев

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ниет білдіруі ел үшін де, ұйым үшін де үлкен "емтихан" болмақ - Назарбаев

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға ниет білдіруі ел үшін үлкен "емтихан" болмақ. Бұл туралы бүгін, 21-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың жетекшілерімен Астанадағы кездесуінде осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, «Қазақстан осындай бастама көтеру арқылы шын мәнісінде Еуразиялық ұйымға айналған аталмыш маңызды бірлестікті дамытуға өзіндік үлесін қосуға талпынып отыр».

Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстанның ұйымға төрағалық жасауға құлшыныс танытуы «елдегі саяси реформалар мен экономиканы нарыққа бейімдеп қайта құруға бағытталған айдан айқын жетістіктерін мойындау тұрғысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы үшін де емтихан болып табылады».
«Біз демократиялық құндылықтарды қолдаймыз және адам құқығы, демократияны дамыту, әріптестік және өзара құрмет-ілтипат рухында азаматтық қоғам құру саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау тұрғысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен конструктивті диалогқа дайын»,- деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басқаруымен 2006-жылы халықаралық форум өткізуді ұсынғанын еске салды. «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім құру саласындағы Қазақстанның тәжірибесін ескеру негізінде біз келесі жылы Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басқаруымен өзара төзімділік, ашықтық , қоғамдық және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша халықаралық форум өткізуді ұсынамыз»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта