Елбасының айтуынша, «Қазақстанның өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басу логикасы мемлекеттік басқаруды, саяси жүйені, бәлкім, елдің Конституциясын мұқият зерделеу мақсатында тиісті реформалар жүргізуді талап етеді».
«Түптеп келгенде, біз еліміздің саяси және мемлекеттік құрылымының ұтымды моделін жүзеге асыруға тиіспіз, деді президент.
Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметі де нақ осыған бағытталған.
«Мемлекеттік басқаруды жаңарту, саяси реформаларды жүргізу біздің қоғамымыздың топтасуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге жәрдемдесетіні сөзсіз»,- деп пайымдайды Елбасы.
«Бұл Қазақстанның халықаралық саясаттың, өркениеттер арасындағы диалогтың, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен ықпалдастықтың бірден бір орталығына айналуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұратын басты құралдар ретінде толеранттылық, конфессиялар мен ұлтаралық келісім проблемаларын барынша терең зерттеудің де маңызы арта түспек»,- деп қорытты сөзін президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті