«Өз басым Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасауға ұмтылуын аса маңызды саяси бастама деп санаймын»,- деді сарапшы. «Бұл жайт еліміздің беделін әжептәуір көтерумен бірге биік саяси амбициясын паш еткен елімізді салмақты саяси әріптестер қатарынан табылуға түрткі болмақ»,- деді ол. Саясаттанушының пікірінше, «бұл ең ұтымды сыртқы саяси бастама болып табылады».
Фракция отырысына Еуропалық депутаттармен бірге Қазақстанның ресми тұлғалары, оппозиция мен халықаралық бейресми ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында Н.Масанов бұл отырыстың «бір жағынан Еуропалық Одақтың Қазақстандағы тұрақты әрі эволюциялық дамуды қолдайтынын, екінші жағынан елімізде пікір алуандығы бар екенін» паш етті деп атап өтті. «Менің пайымдауымша, бұл — дұрыс. Еліміздің болашағы түрлі көзқарастар мен пайым-түсініктердің, консенсус пен келісімнің негізінде қамтамасыз етіледі»,- деді ол.