Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың таңдаулы футболшысы атағына Самат Смақов ие болды. Қазақстанның футбол федерациясының басшылығы, бас жаттықтырушылар мен клуб капитандары осындай шешім қабылдаған.
Қорғаушы С. Смақов «Ақтөбе» құрамасында республикалық үш турнирдің: Қазақстан чемпионатының, ел кубогы мен суперкубогының жеңімпазы атанды.
Екінші орынды Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының және Шымкенттің «Ордабасы» құрамасының шабуылшысы Таңат Нүсербаев иеленді. Үшінші сыйлық «Ақтөбенің» ресейлік легионері Константин Головскийге бұйырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті