Қазақстанның футбол қауымдастығы ФИФА Президенті Зепп Блаттермен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның футбол қауымдастығы ФИФА Президенті Зепп Блаттермен кездесті

Қазақстанның футбол қауымдастығы ФИФА Президенті Зепп Блаттермен кездесті

Кеше, 23 қаңтар күні Достастық-2011 Кубогі жарысы аясында Санкт-Петерборда Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан футбол қауымдастығының вице-президенті Виктор Катков пен ҚФҚ-нің халықаралық бөлімшесінің басшысы Қуаныш Қанапиянов ФИФА Президенті Зепп Блаттермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстанның футбол қауымдастығының баспасөз қызметі.

  • 24 Қаңтар 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz


Ресми кездесуде В.Катков ҚФҚ президенті Әділбек Жақсыбековтің З.Блаттерге жолдаған сәлемдемесін жеткізіп, Қазақстан футболының дамуына ерекше назар аударып келе жатқаны үшін зор алғысын білдірді.

В.Катковтың Қазақстан футболының аяқалысы жайында жасаған қысқа баяндамасынан кейін, З. Блаттер сөз алды.

«Қазақстан» дегенде мен 2009 жылы Қазақстан Президентінің кубогі жолындағы жарыста болған сәтім, еуразиялық кеңістіктегі жетекші саясаткерлердің бірі болып табылатын Нұсұлтан Назарбаевпен болған сұхбатым еске түседі. Сіздердің елдеріңізде осы салада болып жатқан оң өзгерістерге және сіздердің халықаралық футболдың дамуына бөліп отырған көңілдеріңізге ризашылық танытамын», — деп атап көрсетті ФИФА Президенті кездесуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера