Қазақстанның футбол құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның футбол  құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын жеңді

Қазақстанның футбол құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын жеңді

АЛМАТЫ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы Еуро-2008 іріктеу сайыстарында Сербия құрамасын 2 де бір ұпаймен тізе бүктірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады.

  • 25 Наурыз 2007
  • 641
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының УЕФА-ның басқаруымен ресми матчта бірінші рет жеңуі», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, сайыстың 48-ші минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Қайрат Әшірбеков қарсыластың қақпасына бірінші допты соқса, 61-ші минутта Нұрбол Жамасқалиев санды 2 де 0-ге жеткізді. Сайыстың 67-ші минутында Сербия құрамасының шабуылшысы Никола Жигич Қазақстан құрамасының қақпасына жауап гол салды.

Ойыннан кейін Қазақстанның ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушысы Арно Пайперс футболшылар мен Қазақстанның футбол федерациясының басшылығына ризашылығын білдірді. «Ең алдымен футболшыларға алғыс айтамын, өйткені, бүгінгі жеңіс — бірінші кезекте солардың арқасы. Сондай-ақ, Қазақстанның футбол федерациясы мен оның президенті Рахат Әлиевке тікелей ризашылығымды білдіремін. Құраманы жасақтау үшін уақыт керек еді, бізге осындай мұрсат берілді. Өткен жылы футболшылар, жаттықтырушылар штабы мен әкімшілік үлкен іс тындырды. Бүгін біз осы еңбектің жемісін көріп отырмыз»,- деді құраманың бас жаттықтырушысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті