Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Гуманитарлық жүк Палестина халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жіберілді. Жүк ұшағына мемлекеттің материалдық қорынан азық-түлік, көрпе-жастық, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС-нан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелді.
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform
Керек-жарақ тізімінде 14 түрлі бұйым бар. Олардың жалпы салмағы 38 тонна. Жүкті ҚР ТЖМ әскери күш-құрылымдары тиеді.
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform
Гуманитарлық көмек "Қызыл жарты ай" қоғамдық ұйымының өкілдеріне табысталады.
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform
Айта кетейік, кеше Палестинаға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Алматыдан ұшып шыққанын жазған едік.
Одан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберетіні хабарланған еді.