Қазақстанның ИКҰ төрағалығына арналған жаңа банкнот шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ИКҰ төрағалығына арналған жаңа банкнот шықты

Қазақстанның ИКҰ төрағалығына арналған жаңа банкнот шықты

Елімізде Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуіне арналған номиналдық құны 1000 теңгелік ескерткіш банкноты айналысқа шықты. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

Банкнот айналыста жүрген банкноттармен бірыңғай стильде орындалған.

Банкноттың бет жағында Ислам Конференциясы Ұйымының логотипі және Қазақстанда Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезі орналасқан. Банкноттың сырт жағында кесененің жалпы көрінісі бейнеленген.

Ұлттық банктің хабарлауынша ескерткіш банкнотта әлемде тұңғыш рет жаңа қорғаныш элементтері қолданылған. Кескінделген барыстың басы бұрын ешқайда қолданылмаған пиксельдік сутамғы белгі технологиясы бойынша орындалды. Банкноттың қағазында бұрын қолданылып жүргендерінің ішіндегі ең жалпағы, ені 6 мм «үзік-үзік» қорғаныш жіп бар. Әдеттегі қорғаныш қасиеттерімен қатар «үзік-үзік» жіптің түсі ауысып отыратын, жарыққа жарқырайтын ерекшелігі бар және онда банкноттың номиналы мен барыс бейнеленген.

Банкноттың таралымы 10 миллион дана.

Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуіне арналған ескерткіш банкнот заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрлеріне және ақша аударымына міндетті қабылданады.

Соңғы жаңалықтар