Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы туралы қоғамдық пікір таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы туралы қоғамдық пікір таныстырылды

Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы туралы қоғамдық пікір таныстырылды

Бүгін Алматыда, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымының төрағалығындағы жұмысының негізгі бағыттары, осыған қатысты қоғамдық пікірлер мен сарапшылардың бағалары таныстырылды.

  • 23 Маусым 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ «Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымындағы басшылығының күн тәртібіндегі мәселелер» әлеуметтік зерттеу жұмысының қорытындысы таныстырылды.

Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, профессор Зарема Шаукенова зерттеу жұмысының негізгі міндеттері — халықтың Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы туралы қаншалықты хабардар екенін анықтау, төрағалықтың күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігін, ислам елдерімен ынтымақтастыққа деген қазақстандықтардың көзқарастарын анықтау болғанын атап көрсетті.

Еліміздің барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жүргізілген сауалнамаға барлығы 1500 респондент тартылған. Анықталғандай, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы жайлы білетіндер, ЕҚЫҰ-ға қарағанда, аздау болып шықты. Оның ішінде, төрағалық жайлы хабардар болып шыққандардың 42,7 пайызын — қазақтар, 18,3 пайызын — орыстар, 30,2 пайызын — өзге ұлт өкілдері құрап отыр. «Қазақстан, Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің ішінен ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық еткен бірінші мемлекет. Және біздің еліміз еуропалық ұйымдағы төрағалығының тәжірибесін барша ислам әлемімен ынтымақтастық орнату үшін кеңінен қолданбақ», деп атап көрсетті профессор.

Соңғы жаңалықтар