"Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" мемлекеттік бағдарлама аясындағы ипотекалық несиелерге қатысты шығындарға 100 процент кепілдік бермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" мемлекеттік бағдарлама аясындағы ипотекалық несиелерге қатысты шығындарға 100 процент кепілдік бермекші

"Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" мемлекеттік бағдарлама аясындағы ипотекалық несиелерге қатысты шығындарға 100 процент кепілдік бермекші

"Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" 2005-2007-жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы ипотекалық несиелерге қатысты шығындарға 100 процент кепілдік бермекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қордың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 687
Фото - Caravan.kz



Осындай жаңа өнімді қолданысқа енгізу мәселесі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ Алматыда бірлесіп өткізген дөңгелек үстелге басты арқау болды. Дөңгелек үстелге Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі, екінші деңгейлі 20 банк пен ипотекалық компаниялардың өкілдері қатысты.
«Мемлекеттік бағдарлама аясында таратылған ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша кредитодың таза шығындарына толыққанды кепілдік беру банктердің маржасын 2 есе азайтуға мүмкіндік береді. Ол тұрғын үйге берілген ипотекалық несиелерге қатысты негізгі берешектің 1,1 процентін құрайды»,- дейді қордағылар.
15-қыркүйектегі жағдаймен мемлекеттік бағдарлама аясында қор 802 млн. теңгенің ипотекалық несиелері бойынша кепілдік міндеттемені өз мойнына жүктеп алды. Ал екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компаниялар жеке бағдарламаға сәйкес таратқан несиелер бойынша «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» кепілдендірген несие көлемі 1,5 млрд. теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта