Қор капиталы тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында ұлғайтылып отыр. 2005-жылдың 1-мамырындағы жағдаймен қор акцияларының 75 процентін ҚР қаржы министрлігі, 25 процентін ҚР Ұлттық банкі иемденеді.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске қосылған бір жылда қор 150 млн. теңгенің ипотекалық несиелерін кепілдендірді. Сонымен бірге екінші деңгейлі банктер мен ипотекалқ компаниялардың жеке бағдарламалары аясында таратылған
600 млн. теңгенің ипотекалық несиелеріне кепілдік берілді.
Қазіргі жағдаймен Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қорына 20 қатысушы біріккен, олардың 16-сы екінші деңгейді банк болса, 4-і ипотекалық компания.