Жарияланды: 490

Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметтен босатылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі Төлеген Жүкеев қызметтен босатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Т.Жүкеев "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" қызметтен босатылды деп көрсетілген. Алайда, елшінің бұдан былай қандай жұмысқа баратыны туралы ақпарат жоқ. Т.Жүкеев 54 жаста, ол Әзербайжан мұнай және химия институтын бітірген. Маңғыстау облысының мұнай және өнеркәсіп орындарында жұмыс істеді. 1992-жылдан бастап ҚР мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарды. 90-жылдардың орта шенінен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, үкімет басшысының орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1995-жылдан бастап Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігін, 2000-жылдан бастап Ирандағы елшілігін басқарды. Қазақстанның демократиялық партиясының тең төрағасы, 2003-жылдың қараша айынан бері "Ақжол" партиясының мүшесі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін