Жарияланды: 300

Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына мамырда 80,3 мың адам жұмысқа қабылданды

Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы мамырда 80,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 69,4 мың адам жұмыстан кетті, делінген ҚР статистика агенттігінің сейсенбі күні таратқан хабарында. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 82,1%, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты – 1,9%, басқа себептер бойынша – 16,0% құрайды.

2011 жылғы мамыр айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,6%, жұмыстан босату бойынша айналым – 2,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 1,9% құрады. Осы кезеңге жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 115,7% құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін