Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларын "Ақтау" жүрдек кемесі қорғайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларын "Ақтау" жүрдек кемесі қорғайтын болады

Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларын "Ақтау" жүрдек кемесі қорғайтын болады

Қазақстанның Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекарасын "Ақтау" жүрдек кемесі қорғайтын болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 466
Фото - Caravan.kz

Жуырда «Батыс» аймақтық басқармасында «Ақтау» жүрдек кемесіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің теңіздегі бөлімшелерінің жауынгерлік жалауы мен атауы жазылған белгіні табыс ету рәсімі өтті. Салтанатты шарадан кейін «Ақтау » кемесі мемлекеттік шекараны қорғау үшін Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларына шықты.

Шекара күзетімен айналысатын «Ақтау » кемесі былтыр Орал кеме жасау зауытында құрастырылған. Қазіргі жағдаймен, кеме барлық сатылы сынақтардан өтіп, кезекшілікке кірісті. Мамандардың бағалауынша, жаңа кеме қуаты 5 баллға тең теңіз дауылына да төтеп бере алады.
Баспасөз орталығынан хабарлағанындай, «Ақтау» кемесі арнайы «Путина» операциясын жүзеге асыруда пайдаланылады.

Соңғы жаңалықтар