Қазақстанның кейбір мұнайгаз жобаларына тартылған шетелдіктердің орнын алмастыру үшін отандық мамандарды оқыту жұмыстары немқұрайды жүзеге асырылуда - ҚР еңбек министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның кейбір мұнайгаз жобаларына тартылған шетелдіктердің орнын алмастыру үшін отандық мамандарды оқыту жұмыстары немқұрайды жүзеге асырылуда - ҚР еңбек министрлігі

Қазақстанның кейбір мұнайгаз жобаларына тартылған шетелдіктердің орнын алмастыру үшін отандық мамандарды оқыту жұмыстары немқұрайды жүзеге асырылуда - ҚР еңбек министрлігі

Қазақстанның кейбір мұнайгаз жобаларына жұмылдырылған шетелдіктердің орнын алмастыру үшін отандық мамандарды оқыту жұмыстары немқұрайды жүзеге асырылуда. Ал оқыту нәтижесінде игерген білім деңгейі арнайы әзірлеген лауазым бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Бүгін, 20-қаңтарда "Шетелдердің қатысуымен жүзеге асырылатын мұнайгаз жобаларындағы шетелдік жұмыс күшін қазақстандық мамандармен алмастыруға мысал ретінде Солтүстік Каспий жобасын келтірсек" деген тақырыпта Астанада ұйымдастырылған семинарда ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Дана Шайдильдинова осындай пікір білдірді. Бірақ ол осы орайда компаниялардың нақты атын атап, түсін түстеуден бас тартты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Қазір шетелдіктер иемденетін лауазымдарға қазақстандық мамандарды дайындауда шетелдік инвесторлар ауқымды жұмыстар атқарып жатқаны рас. Дегенмен бұл ретте біз компанияның басқарушылары мен менеджерлерін алмастыру қарқыны тым баяу екенін айтпасқа амал жоқ»,- деді Д.Шайдильдинова.

Алайда, Д.Шайдильдинованың пікірінше, «шетелдік мамандарды қазақстандық жұмысшылармен және инженерлік-техникалық қызметкерлермен алмастыру жұмысы дәл қазір мемлекет пен инвесторлар межелеген қарқыннан әлдеқайда жылдам жүзеге асырылуда».
Қазіргі таңда Солтүстік Каспий жобасы бойынша 3 мыңнан астам мамандар жұмыс істейді, олардың 40 проценті шетелдіктер. Каспий қайраңының Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2011-жылы мұнай операцияларын жүзеге асыруға жұмылдырылатын жалпы жұмыс күші 25 мың адамға жетеді деп күтілуде.
Семинарға «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ, Аджип ККО, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министирлігі, ҚР білім және ғылым министрлігі тәрізді мекемелердің, Атырау және Маңғыстау облыстық әкімшіліктерінің, Теңішевройл және Қарашығанақ Петролеум оперейтинг компанияларының өкілдері қатысты.
Семинар соңында еліміздің мұнайгаз саласындағы шетелдіктерді қазақстандық мамандарға одан әрі алмастыруға қатысты нұсқаулар қабылданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар