«Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе?»: Астаналық қария наурыз көжені сатқандарды қатаң сынға алды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе?»: Астаналық қария наурыз көжені сатқандарды қатаң сынға алды (ВИДЕО)

«Қазақстанның халқы мал болып кеткен бе?»: Астаналық қария наурыз көжені сатқандарды қатаң сынға алды (ВИДЕО)

Астанада наурыз көжені сатқандар жергілікті тұрғындардың қатаң сынына ұшырады. Олар Әз-Наурызда ұлттық тағамның сатылатынына күйінді, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 24 Наурыз 2023
  • 33
Фото - Caravan.kz

Қарияның сатушыларға жекініп сөйлеген видеосы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Ол наурыз көжені сатушыларға ұлттық тағамды саудаламауға шақырды.

«Біз Қазақстанның халқы мал болып кеттік пе? Бәйтерек жақты көрдіңдер ме? Әкімдіктің жігіттері кіріңіз, шай ішіңіз деп тұрады. Мына жерге, Пирамадиға келсең, қашан да осылай істеп тұрады. Саудаға айналдырасыңдар? Кім саудаға айналдыр деп айтты сіздерге? Әз Наурыз емес пе бұл? Дәм тат деп айтқанның орнына сатып отыр», — деп шүйлікті қария.

Сонымен бірге ол келген меймандарды тоқтатып, олардан көжені қаншаға алғанын сұрады.

Қала тұрғындары оған көжені «500 теңгеге алғанын» айтты.

Желі қолданушыларының бұл видеоға қатысты пікірі қақ жарылды. Олардың бірі ақсақалды жақтап шықса, енді бірі наурыз көже тегін таратылатын болса, шу шығатынын алға тартты.

«Тегін болса тағы айғай-шу болатын еді, содан кейін сатып тұрған шығар», «Ата тегін ештеңе жоқ қазір, тегін болса халық көп барып, тағы соңы шу болады», «Дұрыс айтады ақсақал, тым құрыса наурызда соны тегін берсе болады ғой?», «Сөзінің жаны бар, көп емес, аз мөлшерде болса да тегін беру керек еді» деп жазды олар.