Қазақстанның халықаралық резервтері 14,6 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері 14,6 процентке өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері 14,6 процентке өсті

Еліміздің халықаралық резервтері, қараша айында тұтастай алғанда Ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде (алдын-ала деректер бойынша 4,59 млрд. долл.) қазан айымен салыстырғанда 14,6%-ке өсіп, 12,92 млрд. долларға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Қараша айында сондай-ақ Ұлттық қордың ақшасын қоспағанда Ұлттық банктің халықаралық резервтері мен ақша базасы да өсті.

2004 жылғы қараша айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда 17,8%-ке (немесе $1,26 млрд.) өсіп, 8,32 млрд. долларға жетті.
Қаржы министрлігінің сыртқы қарыздарын өтеу мен Ұлттық қор активтерін толықтыру Ұлттық банктің ішкі валюта рыногында валюта сатып алуы және ҚР үкіметі мен ұйымдарының есепшоттарына валюта аударылуы есебінен жүзеге асырылды. Нәтижесінде таза валюталық қор 1,2 млрд. долларға өсіп, $7,49 млрд. долларға жетті. Алтын түрінде сақталып отырған активтер Ұлттық банк жүргізген операциялар мен әлемдік нарықтағы алтын бағасының 6,1 процентке өсуі нәтижесінде 51,8 млн. долларға өсіп, 826,2млн. долларға жетті.
Тұрақты баға бойынша Ұлттық банктің халықаралық резервтері 17,2 процентке, еркін айналмалы валютадағы таза активтері 19,2 процентке, алтын түріндегі активтер 0,6 процентке өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылғы қараша айында ақша базасының 10%-ке немесе 44,4 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды.

Перейти к новостям спорта