Қазақстанның халықаралық резервтері 85,5 млрд. долларға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері 85,5 млрд. долларға жетті

Қазақстанның халықаралық резервтері 85,5 млрд. долларға жетті

Жыл басынан бері еліміздің халықаралық резервтері, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы актив қорын қоса алғанда 17,2 пайызға өсіп, 85,5 млрд. долларға дейін жетті.

  • 31 Қазан 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов осылай мәлім етті.

«Тікелей инвестицияның жалпы түсімі 10,9 долларға жетті. Бұған байланысты еліміздің халықаралық резервтері де өсуде. Жыл басынан бастап еліміздің халықаралық резервтері, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы актив қорын қоса алғанда 17,2 пайызға өсіп, 85,5 млрд. долларға дейін жетіп отыр. Соның ішінде Ұлттық банктің алтын-валюталық резерв қоры 30,1 млд. долларды, Ұлттық қор активі 55,4 млрд. долларға, яғни 26,8 пайызға артты», — дейді Б. Тәжіяқов.

Оның айтуынша, Елбасы жарлығына сәйкес, былтырдан бастап Ұлттық банк шетелден тазартылған құйма алтынды сатып алу мүмкіндігіне ие болған. Бұл ретте жыл басынан бері Ұлттық банктің алтын валютадағы активтінің үлесі 13,8 пайыздан 20 пайызға дейін өсті.

«Осылайша, ел экономикасының дамуына барынша жағдайлар өсіп отыр», — дейді ҰБ төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар