Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 2,3 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 2,3 процентке өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 2,3 процентке өсті

Еліміздің халықаралық резервтері ағымдағы баға бойынша Ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде (алдын-ала деректер бойынша 4,677 млрд. долл.) қазан айымен салыстырғанда 2,3%-ке өсіп, 13,222 млрд. долларға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Желтоқсан 2004
  • 426
Фото - Caravan.kz

«2004-жылғы желтоқсан айының алғашқы жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтерінің арту ағымы байқалды»,- деп хабарлайды Ұлттық банк. Ағымдағы бағалар бойынша Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2,6 процентке немесе 214 млн. долларға өсті.

Ішкі валюта рыногында валюта сатып алу мен ҚР қаржы министрлігінің есепшоттарына валюта аударылуы есебінен таза валюталық қор 363,1 млн. долларға толықты. Алтын түрінде сақталып отырған активтер Ұлттық банк жүргізген операциялар мен әлемдік нарықтағы алтын бағасының 3 процентке арзандауына байланысты 149,2 млн. долларға кеміді.
Тұрақты баға бойынша Ұлттық банктің халықаралық резервтері 3 процентке, еркін айналмалы валютадағы таза активтері 4,8 процентке өссе, алтын түріндегі активтер 15,6 процентке кеміді.
2004-жылғы желтоқсан айының алғашқы жартысында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің кемуі (айналымдағы қысқа мерзімді нотар көлемінің артуы) ақша базасының 0,6 процентке, немесе, 3 млрд. теңгеге кемуіне себепкер болды.

Перейти к новостям спорта