Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығындағы операциялары Үкіметтің шоттарына шетел валютасының түсуімен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюталық қорлар 707,0 млн. долларға төмендеді. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 4,8% ұлғаюы нәтижесінде 40,0 млн. долларға өсті.
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде (алдын ала деректер бойынша 5214,1 млн. долл.) маусым айында 4,5% төмендеп 13,2 млрд. доллар болды.
Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің 2005 жылғы маусым айында өсуі (Үкімет шоттары көлемінің төмендеуі) ақша базасының 550,6 млрд. теңгеге дейін 0,1% өсуіне себеп болды.
2005 жылғы мамыр айында ақша массасы 1762,4 млрд. теңгеге дейін 5,4% өсті. Ақша массасының өсуіне банк жүйесі мен несиелік серіктестіктердің ішкі активтерінің 7,5% ұлғаюы себепкер болды. Банк жүйесі мен несиелік серіктестіктердің таза сыртқы активтері 2,1% өсті, бұл сондай-ақ ақша массасының өсуіне ықпал етті.
Айналыстағы қолма-қол ақша (М0) мамыр айында 1,7% өсіп, 386,2 млрд. теңгеге жетті, ал банк жүйесіндегі және несиелік серіктестіктердегі депозиттер 6,5% өсіп, 1376,2 млрд. теңгеге жетті. Мамыр айында айналыстағы қолма-қол ақшамен салыстырғанда депозиттердің өсу қарқынының алға шығуы ақша массасы құрылымында соңғылардың үлесінің 22,7%-дан 21,9%-ға дейін төмендеуіне себеп болды.
Ақша базасының өсу қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсу қарқынының алға шығуы ақша мультипликаторының 3,05-тен 3,21-ға дейін ұлғаюына себеп болды.