Қазақстанның халықаралық резервтері қазан айында 4,6 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық резервтері қазан айында 4,6 процентке өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері қазан айында 4,6 процентке өсті

Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), яғни Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 5 857,1 млн.долл.) 14,5 млрд.долл. болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда өсім 4,6% болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

  • 2 Қараша 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

2005 жылғы қазанда Ұлттық банктің халықаралық резервтері өсті.

Ағымдағы бағалармен ол 4,0% өсті. Үкіметтің шоттарына шетел валютасының түсуі Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қор активтерінің толықтырылуы бойынша шығыстармен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қорлары 332,1 млн.долл. ұлғайды. Алтындағы активтер операциялар жүргізу нәтижесінде 2,4 млн.долл. өсті.
Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің азаюы 2005 жылғы қазанда ақша базасының 0,3%-ке 640,7 млрд. теңгеге азаюына себеп болды.
2005 жылғы қыркүйекте ақша массасы банктік жүйедегі және кредиттік серіктестіктердегі таза сыртқы активтердің және сол сияқты ішкі активтердің ұлғаюы есебінен 7,2%-ға 2015,8 млрд.теңгеге өсті.
Қыркүйекте айналыстағы қолма-қол ақша 3,2% 414,7 млрд. теңгеге дейін, банктік жүйедегі және кредиттік серіктестіктердегі депозиттер — 8,2% 1601,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Депозиттердің айналыстағы қолма-қол ақшамен салыстырғанда қыркүйекте қарқындап өсуі ақша массасы құрылымындағы соңғысының үлесінің 21,4%-дан 20,6-%ға төмендеуіне себеп болды.
2005 жылғы қыркүйекте ақша массасының кеңею қарқыны ақша базасының қарқындап өсуімен салыстырғанда ақша мультипликаторының ағымдағы жылғы тамыздағы 3,39-дан қыркүйекте 3,14 дейін азаюына әсер етті.

Перейти к новостям спорта