Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы Коммунистік партия мен ҚДТ партиясының блогы "Коммунистер мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының халықтық оппозициялық одағы" деген атаумен тіркелуіне наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы Коммунистік партия мен ҚДТ партиясының блогы "Коммунистер мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының халықтық оппозициялық одағы" деген атаумен тіркелуіне наразылық білдірді

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы Коммунистік партия мен ҚДТ партиясының блогы "Коммунистер мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының халықтық оппозициялық одағы" деген атаумен тіркелуіне наразылық білдірді

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясының Коммунистік партия мен ҚДТ партиясының блогын "Коммунистер мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының халықтық оппозициялық одағы" деген атаумен тіркеуіне наразылық білдіреді. Бұл туралы бүгін, 11-тамызда Алматыдағы баспасөз мәслихатында жарияланған арнаулы мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Тамыз 2004
  • 1177
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, «бүгінде Қазақстанда екі коммунистік партия тіркелгеніне қарамастан, ҚР Орталық сайлау комиссиясы блокты ешбір қисынға келмейтін «Коммунистер мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының халықтық оппозициялық одағы» деген атаумен тіркеп отыр».

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы өкілдерінің хабарлауынша, партияның көптеген жақтастары дәл осы партия Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясымен одақ құрған екен деп бірлестік штабынан түсініктеме сұрап келе бастаған. «Осыған байланысты біз блокты «Коммунистер мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының халықтық оппозициялық одағы» деп атау сайлаушыларды адастыру үшін әдейі жасалған әрекет деп бағалаймыз. Бұл біздің саяси қарсыластарымыздың әділетті әрі бәсекелі додадан, әділетті сайлаудан қорқып, «қара PR»аталған технологияны қолдану көрінісі»,- делінген мәлімдемеде.
«Ешкімге бүйрегіміз бұрмайды деп жалпақ жұртқа жария еткен Орталық сайлау комиссиясы бұл жағдайда сайлаудың қаралық технологияларын қолдануға өзі түрткі болып отыр»,- делінген мәлімдемеде.
Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясынан «блокты осындай атаумен тіркеуден бас тартып, сайлаудың әділетті өтуін қамтамасыз етуді» талап етті. Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, осы жөніндегі арнайы хат Орталық сайлау комиссиясы төрайымының атын жолданды. Сондай-ақ, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы «өз мүддесін қорғау үшін қолда бар құрал-мүмкіндіктерді толық пайдалану құқығын сақтап қалатынын мәлімдейді».

Перейти к новостям спорта