Қазақстанның халықтық коммунистік партиясын мемлекеттік тіркеуден бас тартылды - мәжіліс депутаты В.Косарев - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықтық коммунистік партиясын мемлекеттік тіркеуден бас тартылды - мәжіліс депутаты В.Косарев

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясын мемлекеттік тіркеуден бас тартылды - мәжіліс депутаты В.Косарев

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясын мемлекеттік тіркеуден бас тартылды. Бұл туралы бүгін, 2-маусымда парламент мәжілісінің жалпы отырысында мәжіліс депутаты, партия мүшесі Владимир Косарев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Маусым 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

«ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитеті №164 қаулымен бізді тіркеуден бас тартты. Тіркемеу себептері ретінде Азматтық Кодекстің 38, 41 және 43-ші баптары аталуына біз наразы екенімізді жасырмаймыз»,- деді В.Косарев. Осы орайда ол саяси партиялар үшін «басты заң — саяси партиялар туралы заң болуы тиіс» деп атап өтті. В.Косаревтің пікірінше, бұдан «тіркеу қызметі комитеті әуел бастан тіркеуден бас тартуға құлықты болған» деген қорытынды жасауға тура келеді. «Тіркеу уақытша тоқтатылмай, одан біржола бас тартылуы біздің күдігімізді растай түседі»,- дейді ол.

Осыған байланысты В.Косарев «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы тіркелуге қайтадан құжаттарын өткізіп, 60 мыңдай коммунистер армиясын республика заңдарына сәйкес мойындатуға барын салады» деген хабарламаны әділет министрлігіне жолдады.