Қазақстанның химиялық компаниялары әлемдік нарықтан алған өз орнын бекіте түсетін жағдайда - Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның химиялық компаниялары әлемдік нарықтан алған өз орнын бекіте түсетін жағдайда - Школьник

Қазақстанның химиялық компаниялары әлемдік нарықтан алған өз орнын бекіте түсетін жағдайда - Школьник

Астана. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның химиялық компаниялары әлемдік нарықтан алған өз орнын бекіте түсетін жағдайда. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның химиялық компаниялары жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті өнім шығарумен қатар әлемдік нарықтан алған өз орнын бекіте түсетін жағдайда екені айқын», — деді В. Школьник.

«Республикада қазір минералды шикізатты кешенді өңдей отырып, одан кейінгі технологиялық тізбектегі өндірістерді ұйымдастыруға негізделген заманауи химия өнеркәсібі саласы қалыптасуда. Ол ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған», -деді ол.

Химиялық өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттары ретінде министр мынаны атады: «минералды тыңайтқыштарды өндіру көлемін ұлғайту мен олардың түрлерін көбейту, пестицидтер мен борлы өнімдер шығару, күкірт қышқылы мен аммиак өндіретін зауыттар құру, минералды тыңайтқыштарды, химикаттар мен реагенттерді өңдеу технологияларын жетілдіру, инновациялық технологияларға алмастыру, жаңа химиялық өндірістер құру».

Өз кезегінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытудың басым бағыттарын мақұлдады. «Біз бәрін талқыладық, бағыт- дұрыс, ендігі жерде нақты іс-әрекеттер қажет. Оны жүзеге асыратын институт «Самұрық-Қазына» қоры да бар. Тұжырымдамалық көзқарастар дұрыс. Оларды тұтастай алғанда қабылдауға болады», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті