Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Бірінші кезеңде Австрия қақпасына шайбаны Сергей Стукалов бағыттады. Екінші кезеңнің басында Доминик Цвергер есепті теңестіргенімен, Никита Михайлис қазақстандықтарды артынша тағы бір қадам алға шығарды — 2:1. Үшінші жиырмасыншы минутта Семен Кошелев, Кирилл Савицкий мен екінші шайбаның авторы атанған Никита Михайлис ерекшеленді.
Бүгін қазақстандықтар Польша құрамасына қарсы ойнайтын болады, матчтың басталуы 24:00-де.