Бұл туралы АҚШ-тағы ҚР елшігінің таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.
Концертті АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов ашып, жиналған қауымға қазақ өнер жұлдыздарының концертін таныстырды. Ол ел туралы көп мәлімет алуға мүмкіндік беретін осындай мәдени іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Қазақ музыканттары әлемдік классиканың тамаша туындыларын орындап, америка жұртшылығы үшін қазақ музыкасының баға жетпес қазыналары Нұрғиса Тлендиевтің «Аққуы» мен Нағима Меңдіғалиеваның «Домбыра туралы аңызын» ортаға салды.