И.Рогов 1950-жылы туған. ҚазМУ-ін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. Президент аппараты мен министрлер кабинетінің аға референті, кеңесшісі және бөлім меңгерушісі болып істеді. Түрлі жылдарда Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Елбасының кеңесшісі, көмекшісі, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, әділет министрі болды. Соңғы әзірде ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары — мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Хитрин басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды.
Игорь Рогов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары — мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы қызметінен босатылды.