Жарияланды: 460

Қазақстанның көптеген аймақтарында қар жауып, бірқатар жерлерде бұрқасын көтерілуі, желдің күшеюі күтілуде

Қазақстанның көптеген аймақтарында қар жауып, бірқатар жерлерде бұрқасын көтерілуі, желдің күшеюі күтілуде

12 қарашада Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында, 12 қарашада күндіз, 13 қарашада тәулік бойы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (қар аралас),

кей жерлерде жапалақтап қар жауады, бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 12 қарашада Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 13 қарашадағы тәулікте Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын, кейбір жерлерде күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас) күтілуде, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін