Павлодар облысында (186-220 шақырымында) жолды су басқан. Шығыс Қазақстан облысында қардың еруіне байланысты (8-166 шақырымында) Семей — Қайнар тас жолы жабылды. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, қар, көру мүмкіндігінің төмендігіен) Көкшетау — Атбасар (48-184 шақырымында), Қостанай облысында (232-260 шақырымында) Қостанай — Әулиекөл — Сұраған жолдары және Жезқазған — Петропавл тасжолы жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, боран) байланысты барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды. Осыған дейін, 31 наурыздан 2 сәуірге дейін күннің жылынуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы өзендердің деңгейі көтерілетіні және су басу қауіпі бары туралы хабарланды.