Қазақстанның Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2006-жылы астық бағасы шұғыл өзгермейді деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2006-жылы астық бағасы шұғыл өзгермейді деп болжайды

Қазақстанның Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы 2006-жылы астық бағасы шұғыл өзгермейді деп болжайды

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы"АҚ 2006-жылы астық бағасы шұғыл өзгермейді деп болжайды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Биыл астық бағасында шұғыл өзгерістер болмайды»,- деп мәлімдеді бүгін өткен баспасөз мәслихатында «Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ-ның сыртқы эконономикалық іс-қызмет жөніндегі департаментінің директоры Дәулет Уашев.

«Астық бағасының тұрақтылығы бірнеше факторға байланысты. Соңғы котировкаға сәйкес әлемдік нарықтағы баға төмендей бастады, және бұл ағым одан әрі жалғасады»,- деді ол.

Департамент директорының айтуынша, ең ірі импорттаушылар көбінесе 4-класты бидайды сатып алады. Ал Қазақстан 3-класты бидай өндіреді. «Басқаша айтқанда, басты сатып алушылар — Ресейдің бізбен шекаралас өңірлері. Бұл өңірдегі түсім биыл да былтырғыдан төмен болмайды. Демек, тамыз бен қыркүйекте қалыптасқан Қазақстан астығына деген үлкен сұраныс қайтадан азая бастады»,- деді Д.Уашев.

Оның айтуынша, Ресейдің елімізбен шекаралас аудандарындағы баға біздегімен бірдей. Бір тоннасына 120-125 долларды құрайды. «Тасымалдау мен бидайды шекарадан асырған кездегі шығын көлемі әрбір тоннасын шамамен 10-12 доларға қымбаттатады. Сол себепті біздің астықтың бағасы Ресейдегі сатып алушылар үшін ел ішінде өндірілетін өніммен парапар»,- деді маман.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта