Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Британ кеңесінің атқарушы директоры Мартин Дэвидсонмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Британ кеңесінің атқарушы директоры Мартин Дэвидсонмен кездесті

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Британ кеңесінің атқарушы директоры Мартин Дэвидсонмен кездесті

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Британ кеңесінің атқарушы директоры Мартин Дэвидсонмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар "Үш тұғырлы тіл" бағдарламасын талқылап, білім саласындағы екіжақты ықпалдастықты дамыту мәселелеріне ден қойды.

  • 31 Қазан 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

Қанат Саудабаев Британ кеңесінің еліміздегі жұмысын жоғары бағалады. Бүгінгі таңда ұйымның қолдауымен қазақстандық 80 студент Ұлыбританияда оқып, магистр дәрежесін иеленді. Жыл сайын 2 мыңнан астам қазақстандық ағылшын тілі курстарын оқып қайтады. Қазір кеңес еліміздің білім саласындағы жобаларға 2,5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды.

«Екі ел арасындағы мәдени, гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін қарастырдық. Қазақстанның даму қарқыны таңқалдырмай қоймайды. Бізді Болашақ стипендиясы түлектерінің басым бөлігі Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында оқитыны қуантады, олардың әлеуеті өте жоғары деп білеміз»,- деді Британ кеңесінің атқарушы директоры Мартин Дэвидсон.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар