Мемлекеттік хатшының пайымдауынша, алдағы сайлауда электронды дауыс беру жүйесін кең көлемде емес, «сынақ ретінде кей жерлерде ғана енгізу дұрыс». Осы сынақ қорытындысының негізінде «болашақ бағдарды айқындауға болады»,- деді О.Әбдікәрімов.
Ол Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан бері Қазақстанның сайлау заңнамасы «саяси көзқарастардың әр алуандығына байланысты тұрақты жетілдіріле түсуде» деп атап көрсетті. Оның пайымдауынша, «биылғы жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, оны қоғамның жылы қабылдауы сайлау процессін демократияландырудағы тағы бір ілгерілеушілік болды». Осы орайда О.Әбдікәрімов «бұл заңның кейбір тәртіптеріне деген көзқарас бір жерден шықпай отырғанын» жоққа шығармады. Бұл санатқа электронды дауыс беру жүйесін қолданысқа енгізу мәселесі де қосылады.