Жарияланды: 620

Қазақстанның мемлекеттік органдары адам саудасын жою стандарттарына толық бағынбай отыр - Халықаралық көші-қон ұйымы

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік органдары адам саудасын жою жөніндегі минималды стандарттарға толық бағынбай отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Жоғарғы сотында өткен адам саудасына қарсы тұру мәселелері жөніндегі семинарда Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының кеңесші-заңгері Айна Шорманбаева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанның мемлекеттік органдары адам саудасын жою жөніндегі минималды стандарттарға толық бағынбай отыр. Дегенмен, адам саудасына қарсы күреске жұмсалатын күш-жігерді күшейтті, 2007 жылы адам саудалаушылар арасында сотталғандар саны біршама ұлғайды. Адам саудасына қатысы бар мемлекеттік қызметкерлерді де көптеп жазалады. 2007 жылы Қазақстан үкіметі адам саудасы құрбандарына көмекке 35 мыңға жуық доллар көлемінде қаржы бөлді",- деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін