Қазақстанның мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқау жеңімпаздары Жемқорлыққа қарсы форумда марапатталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқау жеңімпаздары Жемқорлыққа қарсы форумда марапатталады

Қазақстанның мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқау жеңімпаздары Жемқорлыққа қарсы форумда марапатталады

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқау жеңімпаздары Жемқорлыққа қарсы форумда марапатталады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратының кеңсесінде ҚР президенті Н.Назарбаевтың қатысумен өтетін Жемқорлыққа қарсы форумға дайындық аясында өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі бас қосуда Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша «Нұр Отан» ХДП жариялаған байқауды өткізу мәселелері қаралды. Байқау жеңімпаздары «Нұр Отан» ХДП дипломымен және белгісімен марапатталады. Марапаттау 2008 жылдың қараша айында Жемқорлыққа қарсы форумда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауы заңнамасының сақталуы, «сенім телефондарының» жұмысы, мемлекеттік қызмет көрсетудің біріңғай стандарттарын жетілдіру, «электрондық үкімет» пен «электрондық құжат айналымы» жүйесінің қызмет етуі баса назарға алынатын болды.

«Нұр Отан» ХДП-ның Жемқорлықпен күрес бойынша бағдарламасында қарастырылған журналистердің жемқорлыққа қарсы тергеулерін мемлекеттік органдардың елеуіне құқықтық жағдайлар мен механизмдерін жасау міндеті талқыланатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар