Caravan Logo

Қазақстанның мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқау жеңімпаздары Жемқорлыққа қарсы форумда марапатталады

Қазақстанның мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқау жеңімпаздары Жемқорлыққа қарсы форумда марапатталады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі бас қосуда Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдары арасында жемқорлықпен күрес жұмысының үздік қойылуы бойынша "Нұр Отан" ХДП жариялаған байқауды өткізу мәселелері қаралды. Байқау жеңімпаздары "Нұр Отан" ХДП дипломымен және белгісімен марапатталады. Марапаттау 2008 жылдың қараша айында Жемқорлыққа қарсы форумда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауы заңнамасының сақталуы, "сенім телефондарының" жұмысы, мемлекеттік қызмет көрсетудің біріңғай стандарттарын жетілдіру, "электрондық үкімет" пен "электрондық құжат айналымы" жүйесінің қызмет етуі баса назарға алынатын болды.

"Нұр Отан" ХДП-ның Жемқорлықпен күрес бойынша бағдарламасында қарастырылған журналистердің жемқорлыққа қарсы тергеулерін мемлекеттік органдардың елеуіне құқықтық жағдайлар мен механизмдерін жасау міндеті талқыланатын болды.